Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсының премьерасы өтеді

ТЕАТР
1276

2018 жылдың 22–23 маусым күндері «Астана Опера» театры сахнасында Бейжің операсымен бірлескен жоба – Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсының премьерасы өтеді.

 

Қоюшы дирижер – Алан Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы режиссер – Давиде Ливермор (Италия)

Қоюшы суретшілер – Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов

Хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жарық бойынша суретші – Винченцо Рапони (Италия)

Проекциялар бойынша дизайнер – Карло Каморали («D-wok» компаниясы)

Қоюшы режиссердің ассистенттері – Сальваторе Никосия, Джанкарло Юдика Кордилья (Италия)

 

Ұзақтығы – 2 сағат 50 минут (екі үзіліспен)

 

Опера либреттосының негізінде ХІІ ғасырдағы парсы поэзиясының классигі Низамидің ХVIII ғасырдағы парсы ертегілерінің еуропалық жинағына енген поэмасы жатыр, оны бұл топтамадан итальяндық драматург Карло Гоцци өзінің «театрға арналған ертегілеріне» алған еді. Либретто авторлары Джузеппе Адами мен Ренато Симони.

Оқиғалар желісі шытырманға толы: айла-шарғысы мол Турандот ханшайым үш жұмбақ жасырып, жауабын тапқан жанға жар болуға уәде береді, ал жеңіліс тапқанға бір ғана жұбаныш – өлім болмақ. Калаф ханзада қайткен күнде де Турандоттың жүрегін жаулауға бел буады…

Жетекші еуропалық сахналар мен туған Италия театрларындағы 22 жылдық еңбек жолында қоюшы режиссер, сценограф, костюмдер бойынша суретші, жарық бойынша суретші және өзге де театралдық мамандықтарды жетік меңгерген режиссер Давиде Ливермор шым-шытырманның түйінін шешеді. Ол атақты орындаушылармен, атап айтқанда Лучано Паваротти, Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Мирелла Френимен, әйгілі режиссерлер – Лука Ронкони, Андрей Тарковский және Чжан Имоумен, сондай-ақ әлемдік жұлдыз – маэстро Зубин Метамен бірге жұмыс жасаған.

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Турандот, ханшайымМартина Серафин (Италия) /

Жұпар Ғабдуллина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Лиу, Тимурдың жас күңіМайра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі /

Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі /

Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Альтоум, қытай императорыЛи Шуан (Қытай) / Ақылбек Табынбаев

Тимур, тағынан айырылған татар ханыБолат Есімханов / Ю Цзинжэнь (Қытай)

Калаф, оның ұлыКамен Чанев (Болгария)

Пинг, ұлы кеңесшіГэн Чжэ (Қытай) / Александр Красиков

Панг, ұлы көріпкел Ли Сян (Қытай) / Ерұлан Кәмел

Понг, ұлы аспазЛю Иран (Қытай) / Бейімбет Таңарықов

МандаринШыңғыс Расылхан / Евгений Чайников

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...