Алматыда дәстүрлі кітап жәрмеңкесі өтеді

ӘДЕБИЕТ
1357

Алматыда 1 сәуір күні Шоқан Уәлиханов атындағы сквер аумағында жыл сайынғы «Алматы кітап жәрмеңкесі» өтеді.

Жәрмеңкеге 20-дан астам отандық баспа мекемесі мен кітап дүкендері қатысады. Мерекелік концерт өтіп, отандық әншілер өнер көрсетеді. Қала тұрғындары мен қонақтары іздеген кітабын тауып қана қоймай, түрлі мәдени іс-шаралардың куәсі болады. 

Ақындар, өлеңге таласы бар оқушылар жырдан шашу шашады. Қабырғалы ақын-жазушылар кітаптарының тұсаукесерін жасап, қолтаңба беру рәсімін өткізеді.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...