Оразбек Сәрсенұлының туғанына 100 жыл: Алматыда дөңгелек үстел өтеді

МУЗЫКА
9985

Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы Оңтүстік Қазақстан өңірінің музыкалық мұрасын зерттеу, жинақтау мәселелері және күйші-композитор Оразбек Сәрсенұлының туғанына 100 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізеді.


Өтетін уақыты: 5 сәуір. 15.00-де.

МОДЕРАТОР: Мұрат Әбуғазы - ҚР мәдениет қайраткері, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті, күй зерттеуші.

КЕШ ҚОНАҚТАРЫ:

Дулат Исабеков – жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбек ері;

Ермұрат Үсенов – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор

Айжан Бердібай – ҚҰК доценті;

Төлепберген Тоғжанов – ҚҰК Халық музыка факультетінің деканы, профессор;

Жақып Спатаев – ҚР мәдениет саласының үздігі, оңтүстік өңірдің ән-жыр-күй-термелерін жинақтаушы;

Орақ Жауыров – күйші-композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР құрметті азаматы, Атырау облысының құрметті азаматы;

Рамазан Стамғазиев – КР еңбек сіңірген артисі;

Ерболат Мұстафаев –КР еңбек сіңірген қайраткері. 

Кеш өнер академиясының кинозалында өтеді.

author

Оразбек Сарсенов

КҮЙШІ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семей қаласында полиция қызметкерлері түнгі уақытта автомобиль көпірінің тікелей жол жүру бөлігінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада автобус жүргізушісі белгіленген аялдамаға тоқтамай өтіп кеткеннен кейін жолаушы мен жүргізу...