Арасында қытайлықтар бар: ШҚО-да заңсыз алтын өндіріп жүргендер құрықталды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
97

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен және прокуратурамен бірлесіп, Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында тиісті рұқсат құжаттарынсыз алтын өндірген адамдар тобының заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру және өңдеу салдарынан қоршаған ортаға елеулі залал келтірілді. Атап айтқанда, топырақтың құнарлы қабаты бүлініп, жер бедерінің табиғи құрылымы бұзылып, өзен арнасы өзгертілген.

Заңсыз жұмыстар жалпы аумағы 30 гектар жер учаскесінде ауыр арнайы техника мен өндірістік кешендерді пайдалану арқылы жүргізілген.

Заңсыз қызметке 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының азаматтары тартылған.

Тінту барысында алты 40 тонналық жүк көлігі, төрт шынжыр табанды экскаватор, бір тиегіш,  құрамында алтыны бар кенді өндіруге және жууға арналған екі өндірістік кешен тәркіленді.

Тергеу жалғасуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрайдың қазасына қатысты басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. St...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Татарстан Республикасында адам шошырлық жол-көлік оқиғасы болып, алты адам қаза тапты. Алды...