9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олмпиаданың облысты...
Жезқазғанда 1600 пәтерге арналған құрылыс жұмысы басталды
770
Бұл туралы облыс орталығын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы мәлімдеді.
«Бүгінде қала бойынша тұрғын үй кезегінде 6 000-ға жуық адам тұр», – деді өңір басшысы. – Осы мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында биыл 1 600 пәтерге арналған 28 үйдің құрылысы басталады».
Бұл ретте биыл үш үй салу жоспарлануда. Қалғандары 2024 жылы аяқталады.
Сондай-ақ, кездесуде 14 үй мемлекеттік бюджет есебінен, 10 үй жеке инвестициялар есебінен, тағы 4 үй «Қазақмыс» корпорациясы есебінен салынатынын айтты.