Әли Алпысбаевтың «Елге арнау» атты шығармашылық концерті өтеді

МУЗЫКА
702

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, дирижер, композитор Әли Алпысбаевтың «Елге арнау» атты шығармашылық концерті өтеді.

Жер жәнатты – Жетісу өлкесінде кіндік қаны тамған дирижер, композитор Әли Алпысбаевтың шығармашылығын астаналық жұртшылыққа ұсыну – облыстар арасындағы мәдени байланысты арттыратын игі шара.

Әли Алпысбаев халқымыздың ұлттық сазын биік шыңға жетелеумен қатар, мәдени байланыстар делегациясының құрамында Қытай, Түркия, Польша, Үндістан, Корея, Болгария және Ресейдің ірі қалаларында көптеген халықаралық музыкалық форумдар мен фестивальдарға қатысты. Сонымен қатар еліміздегі академиялық Құрманғазы атындағы, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрлерімен, Астана қаласының оркестрімен дирижер-композитор ретінде отандық ірі концерттік залдарда өнер көрсетті. Жүздеген әннің, бірқатар ірі күй-поэмалардың және қыл қобыз, домбыра, қобыз, фортепиано, виолончель, флейта аспаптарана жазған шығармалардың авторы, сондай-ақ театрларда сахналанған 10-ға жуық қойылымның музыкасын жазды. Ә.Алпысбаевтың әндері мен шығармаларынан құралған «Ауылдағы той», «Әнімді сізге арнадым», «Аққұсым» атты жинақ кітаптары жарық көрді.

Концерте композитор, дирижер Әли Алпысбаевтың Астана қаласында Симфониялық оркестрдің орындауында орындалатын шығармалар «Әке- жан әке»,«Алаш елі» «Кең дала» (виолончель), «Вальс» «Элегия» (флейта), «Венгерский танец», «Жастар вальсі», «Вокализ» , Күй-поэма «Шаттансын елім» және Халық аспаптар оркестрімен орындалатын шығармалар «Бәйге», «Әке арманы», «Сен менің арманымсың», «Күй-толғау», «Айдындағы аққуым», Күй «Батыр ата», «Әке» «Жібек жолы» , «Жалын», күй-поэма «Төсбұлақ»

Кешке Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Қазақ оркестрі, Симфониялық оркестрі және ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері; Светлана Айтбаева, Арайлым Рахымқызы, Мейір Байнеш, «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жусупова, Халықаралық конкурстардың лауреаттары Әсем Сембина, Жамиля Далишева, Әйгерім Аманжолова, Ботагөз Талишева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов қатысады. 

Уақыты: 8 сәуір, сағат 17.00 «Астана» концерт залы

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...