Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Соо...
Облыс әкімі канадалық жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесті
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы канадалық жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесті
Жүздесуде Жезқазған қаласында мемлекеттік техникалық университет құруға қатысты бірқатар мәселе қозғалды. Алдағы уақытта техникалық ЖОО-ның Канада университеттерімен ынтымақтастық орнату жоспарда бар екені айтылды.
Жиынға Канаданың Қазақстандағы елшілігінің екінші хатшысы Eric Dione, Memorial University of Newfoundland халықаралық кеңсесінің директоры Sonja Knutson және Centre for Entertainment Art директоры Stuart McIlmoyle қатысты.
Облыс әкіміне ЖОО-ның миссиясы мен міндеттері, академиялық компонентінен тұратын концепциясы, инновациялық және бірегей бағдарламаларды қамтитын болашақ университет тұжырымдамасы таныстырылды.
Жаңадан құрылатын жаһандық бағдарланған университеттің заманауи кампусы болады. Мамандар бұл тұрғыда әлеуметтік-экономикалық жағдайлары ұқсас өңірдегі ЖОО құру тәжірибесін негізге алып отыр.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар «Тhe Ulytau Educational Foundation» қайырымдылық қорының облыстық білім басқармасымен тиімді өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстарды қарады, орта мектеп мұғалімдерінің құзыретін арттыру мәселелерін қарастырды, сондай-ақ Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарын сенімгерлік басқаруға беру жобасымен танысты.
Кездесу соңында Берік Әбдіғалиұлы өңірде техникалық университет құрудың ерекше маңызын атап өтіп, осы маңызды жобаны кешенді іске асыру бойынша бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырды.