Азаматтық қоғамды қолдау керек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын...
Елімізде өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар босатылады: тың деректер
Фото: freepik
Қазақстанда екі жүзден астам адам өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Олардың 27-сінің шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу құқы жоқ, деп хабардайлайды MADENIPORTAL.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес, өмір бойына бас бостандығынан айыру аса ауыр қылмыстар үшін тағайындалады.
“Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің 2024 жылғы статистикалық деректеріне сәйкес, бірінші сатыдағы соттар заңды күшіне енген үкімдер бойынша 6 адамды өмір бойына бас бостандығынан айырды”, – делінген Жоғарғы соттың редакция сұранысына берген жауабында.
Қазақстанда өлім жазасына кесу соңғы рет 2003 жылы орындалып, мамыр мен қараша айлары аралығында 17 адам атылған. 2014 жылы Amnesty International ұйымы Қазақстанды «тек жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыстар үшін өлім жазасы қолданылмайтын ел» ретінде сипаттады.
2008 және 2016 жылдары Қазақстан БҰҰ-ның өлім жазасына мораторий жариялау шешімін қолдап дауыс берді. Ал 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қол қойып, оны 2022 жылғы 24 наурызда ратификациялағанын хабарлады. Хаттама барлық қол қойған елдерден өлім жазасын жоюға міндеттеме алуды талап етеді.
Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар кімдер?
Челах 20 жасында шекара бекетінде 15 адамды өлтірді деген айыппен түрмеге жабылған. Ол жазасын Қостанай облысындағы №39 мекемеде өтеп жатыр.
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Тоғаев өзіне қатысты сот актілерін қайта қарау, сондай-ақ жазалау шарасына дау айтып өтінішхат берген.
Алайда сот алқасы сот актілерін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарып, Тоғаевтың өтінішхаты қанағаттандырылған жоқ.
Еске салайық, Тоғаев 2014 жылы бірнеше ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
Алтынбек Сәрскнбаевты өлтірген Рустам Ибрагимов қылмыскер ретінде өлім жазасына кесілді. 2014 жылы Ибрагимовтың өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
2016 жылы 18 шілдеде Руслан Күлекбаев Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына, ҰҚК мен салық департаментінің ғимараттарына шабуыл жасап, жалпы саны тоғыз адамды өлтірді. Олардың барлығы құқық қорғау органдарының қызметкері еді.