Тоқаев Премьер-министрдің кандидатурасын қолдады

ЖАҢАЛЫҚТАР
1920

Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды madeniportal.kz порталы.

Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібінде тек бір мәселе ғана қаралып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы отырыста Қазақстан халықаралық қоғамдастықта абыройы бар мемлекет екенін айтты.

Шетелдік сарапшылар Қазақстан Орталық Азияда экономика мен басқа көрсеткіштер бойынша көш бастап тұрғанын мойындайды, - деді ол.

Президент Үкімет өз қызметінде кәсібилік пен жедел шешім қабылдауы керегін айтты.

Жаңа экономикалық даму жағдайына дайын болып, кез келген жағдайыға төтеп беру үшін Үкіметтің де құрамы дайын болуы керек. Үкіметтің жұмысына қызметті жандандыруы керек, - деді Тоқаев.

Президент Үкіметтің жаңа экономикалық блогі өзгеретінін айтты.

Мемлекет басшысы Үкімет басшылығына ұсынылған Олжас Бектеновтың кандидатурасымен келісетінін айтып, депутаттарға ұсынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...