Мұстафа Шоқай трабзонда. Әбілқасым Сәрсенбаевтың суретіБерлинде Мұстафа Шоқай туралы кітаптың тұсаук...
«Зұлмат заман қасіреті» атты көрме өтеді
2023 жылдың 26-шы мамыр күні сағат 11:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті «Қолжазбалар және сирек кітаптарұлттық орталығы» РММ мен «Астана қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі «Зұлмат заман қасіреті» атты архив құжаттарының көрмесін өткізеді.
Көрмеге қатысушылар құрамы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің өкілдері, Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғалым-профессорлары, «Алжир» мемориалды-мұражай кешені қызметкерлері, Астана қаласының мемлекеттік архив қызметкерлері, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ғылыми қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар, студенттер, мектеп оқушылары қатысады деп жоспарлануда.
Көрменің мақсаты: 1993 жылдың 14 сәуіріндегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңын қабылдауы үлкен серпіліс әкелді. Қайта-қайта тарихқа үңіліп, құжаттарды парақтап, зерделеу, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Көптеген кітаптар шығарылып, мақалалар жазылды, ғылыми сараптаулар жасалынды. Нәтижесінде тарихымыздағы «ақтаңдақ» беттер ел есінде мәңгі сақталуы үшін 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, оларды жазықсыз жағылған қара күйеден аршу бүгінгі ұрпақтың парызына айналды.
Ал, 2020 жылы 24 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Халқымыз үшін қасіретті кезең сол заманның құрбандарын еске алу баршамыздың, келер ұрпақтың мәңгі борышы. Өйткені тағдыр-талайымен тұтас бір ұлттың бұлай күйрей қырылуы адамзат тарихында сирек кездеседі.
Қазіргі таңда, қасиетті Қазақ елінің шаңырағы биіктеп, керегесі кеңейген заманда өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі және болашақ ұрпақ осынау бақытты кезеңнің бағасын біліп, қадірлей білуі тиіс.
Ұйымдастырушылар: «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ мен «Астана қаласының мемлекеттік архиві» ММ.
Өтетін орны: Қолжазбалар және сирек кітаптарұлттық орталығының көрме залы (кіру Ақмешіт көшесі жағынан)
Мекен-жайы: Астана қаласы, Нұржол желекжолы, 12
Байланыс: 8 7172 7690 60, +7 700 320 87 00