Яссауидің жеке көрмесі өтеді

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
1356

2023 жылғы 28 шілде күні сағат 16:00-де ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, көптеген халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы Яссауи Ағытаевтың  «Дәстүрге толы өмір» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

«Дәстүрге толы өмір» көрмесі суретші Я. Ағытаевтың шығармашылық жұмыстарын қамтиды. Суретші картиналары Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, ҚР Ұлттық музейі, Өскемен қаласының тарихи-өлкетану мұражайы, Қызылорда тарихи-өлкетану мұражайы қорлары мен Ресей, Америка, Канада, Франция, Германия, Кипр елдерінің жеке коллекционерлерлерінің қолында сақталған.

Яссауи Ағытаев ғасырлар бойы көшпенділер мұрасы мен Орталық Азияның түрлі мәдениеттерінің ықпалымен қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтардың бай палитрасын қамтитын қазақ әдет-ғұрыптарына арналған жанрлық композициялардың шебері.

Яссауи Ағытаевтың картиналарындағы көркемдік формалар дәстүрлі күнделікті өмірден бастау алады. Суретшінің картиналарында көрсетілген көріністер қоғамның мәдени сипаты мен құндылықтары туралы түсінік береді. Шебер шығармашылығының әрбір элементі қазақ халқының өмірімен, туған өлке табиғатының қайталанбас әсемдігімен тығыз байланысты. Бұл көрме қарапайым адамдардың өмірінің энциклопедиясына иллюстрация бола алады. Суреттерде жиі бейнеленген саз балшық уақытты тоқтатуға және мұқият тыңдауға итермелейді.

Көрменің мақсаты: дәстүрлі-мәдени контексте өзіндік бірегейлікті іздейтін отандық суретшінің шығармашылық жұмыстарын дәріптеу.

Көрмеге 72 дана жәдігер қойылады. Экспозиция ҚР Ұлттық музейінің 6 қабатында орналасқан Уақытша көрме залында 2023 жылдың 28 шілде – 27 тамыз аралығында болады.

БАҚ өкілдерінің назарына! Аккредитацияны nmrk.muzei@mail.ru оштасына 27 шілде күні сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет.

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды, деп...

Жаңалықтар

Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қарияның а...