Ақын Алпамыс Файзолланың жыр кеші өтеді

ӘДЕБИЕТ
544
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада 23 қараша күні, сағат 17:00-де, белгілі ақын, аудармашы, тележурналист Алпамыс Файзолланың «Айдың аппақ жүрегі» атты шығармашылық кеші өтеді. Кеш барысында қаламгердің «Жүрек-аспанымның жұлдызы» жыр жинағының тұсауы кесіліп, әдеби таныстырылымы жасалады. Астаналықтар мен қала қонақтарын, ақынның оқырмандарын рухани-мәдени кештің куәсі болуға шақырамыз.
Алпамыс Файзолла. 1995 жылы 6 наурызда Орал қаласында туған. 2012 жылы туған жеріндегі дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-гимназияны бітірген. 2012-2016 жылдарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде бакалаврде, ал 2016-2018 жылдарда Л. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінде магистратурада оқыды. Ол – республикалық әдеби байқаулар мен мүшәйралардың жүлдегері, Қадыр Мырза Әлі атындағы медальдің иегері. «Ақ сезімге ескерткіш» (2021), «Жүрек-аспанымның жұлдызы» (2022) жыр жинақтарының және «Аудармалар мен сұхбаттар» (2023) тәржіме кітабының авторы. Өлеңдері шет тілдерге аударылып, Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан, Үндістан, Жаңа Зеландия әдеби басылымдар жариялаған.

Жаңалықтар

Иракта қыздардың неке жасын 18-ден 9 жасқа дейін төмендететін заң жобасы дайындалып жатыр, деп хабар...

Спорт

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда алғаш рет ұйымдастырылған Азия чемпионатында то...