Махаббат сусыны

ТЕАТР
463

Әлемдік репертуардың ең жарқын комедиялық операларының бірі – Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» 12-13 желтоқсанда «Астана Операда» тыңдаушылардың таңданысын туғызды. Қойылым дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяровтың жетекшілігімен өтті. 


Бұл күндері ойын-сауықтық спектакльдің басты партияларында опера труппасы солистерінің жарқын дебюттері орын алды. Сонымен, 13 желтоқсанда Адинаның бейнесінде сахнаға алғаш рет Әсем Сембина, ал Белькоренің бейнесінде Дінмұхамед Көшкінбаев шықты. Бір күн бұрын Дулькамараның рөлінде Ержан Саипов дебют жасады. 

- Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» опералық жауһары алғашқы нотасынан бастап-ақ көрермендерді қызықты оқиға желісімен және қатысушы бірегей тұлғалардың кең диапазонымен таңғалдырады. Дулькамараның күлдіргі бейнесі орындаушыға комедиялық кейіпкерді вокалдық тұрғыда да, сондай-ақ актерлік жағынан да ашуға кең мүмкіндік  береді. Жылмақай дүмше дәрігердің карикатуралық бейнесі әрекетке динамизм қосып, хикаяға жүгіріс пен толқыныс үстейді, - деп пікірімен бөлісті Ержан Саипов. 


Театр солисі Әсем Сембина  романтикалық Неморино баурап алған опера кейіпкері Адина сұлу туралы айтып берді: 

- Адина өзінің сыртқы қылымсыған кейпінің артында қарапайым әрі шынайы риясыз сезімді қалайтын таза әйел жанын жасыруда. Ал кемеңгер композитор Гаэтано Доницеттидің жарқын, шаттық пен тамаша әуендерге толы музыкасы ғасырлар бойы, яғни 1832 жылы болған алғашқы премьерасынан бастап күні бүгінге дейін тыңдармандар мен орындаушылардың жүрегін жаулап келеді, - деп қорытындылады Әсем Сембина.


Сонымен қатар көрермендер қазақстандық опера сахнасының жұлдыздары, «Астана Опера» жетекші солистерінің дарындарына талмай қол шапалақтады: 12 желтоқсанда Адинаның партиясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова жарқын өнер көрсетсе, Немориноның рөлін Артур Габдиев орындады, Белькорені Талғат Ғалеев, ал Джанеттаны Мәдина Исламова таныстырды. Келесі күні Немориноның партиясында Рамзат Балакишиев өнер көрсетсе, Дулькамараны Евгений Чайников, Джанеттаны Назым Сағынтай сомдады. 


Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов, опера труппасының директоры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов. 

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...