Түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының жеке сайты ашылды

РУХАНИЯТ
601

Түркология ғылымында айрықша ізі бар атақты ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының жеке сайты ашылды. Бұл жайында Nurdaulet Es-agasi әлеуметтік желілерде хабарлады.


Аталған жазбада: «Бүгін Сіздермен жақсы жаңалық бөліспекпін. Белгілі түркітанушы, профессор, ұстазым Қаржаубай Сартқожаұлының жеке сайтын іске қостық. Ол сайтта ғалымның саналы ғұмырында бабалаларымыз сақтар, ғұндар, түріктердің шиырлап қалдырған іздерін басып, «тау-тастан асып», «күндіз отырмай, түнде ұйықтамай» киелі мекен саналған – Өтүкен қойнауын (бүгінгі Моңғолия жері), Саян Алтай тауларын (Тува Республикасы), Қытайдағы Ішкі Моңғолия, қырғыз өңірі Талас жерлерін шарлап, еңбектеніп, зерттеп-зерделеген еңбектері, ғылыми монографиялары, мақалалары, публицистикалық шығармалары мен сұхбаттарының бір парасы (жазбаша және видео форматында) беріліп отыр. 

Ғалым бас-аяғы 19 монография, 270-тен астам

мақала жазыпты. Радловтан кейін түрік халықтарының рухани-материалдық, мәдени мұраларын қамтыған Атластың 3-том еңбегі ғалымның шоқтығы биік зерттеуі болып саналады. Сондай-ақ сиясы кеппеген «Керейлердің этникалық тарихы» еңбегі де құндылықтарға толы. 

Қайсы бірін айтайын, қалғанын сайтты ашып оқып алыңыздар. Бұлай еңбектену көп ізденісті, қажырды, сабырды, еңбекті, өз саласына деген зор махаббатты талап ететіні сөзсіз. Ғылым жолында өте жанкешті адам. Сонымен бірге ағамыздың тек ғана ғалым емес, жазушылық қыры да өз алдына бір төбе. Жазған көркем әдебиеттік шығармаларын, әңгімелерін де сайтта беріп отырмыз. 

Сайт жасау жұмысына ат салысып көмектескен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ басшылығы мен мамандарына алғыс білдіреміз. Ағаға құтты болсын айтамыз! Еңбегіңіз жана берсін, жолыңызды жалғайтын шәкіртеріңіз көп болсын дейміз!!! 

Сайтқа кіріп оқыңыздар, бөлісіңіздер, таратыңыздар! Көзі қарақты қауым танысын, оқысын, білсін! Сайттан көрген кемшіліктеріңіз болса хабарласып, пікір білдіріңіздер, алғаш жасалып жатқан жұмыс болғандықтан кемшіліктер болуы да бек мүмкін», деп жазған. 

Сайт сілтемесі: https://sartkhozha.enu.kz/

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Қырғызстанның Жалал-Абад облысының Созақ ауданында 2 мамыр күні сағат 13:30 шамасында балмұздақ ти...

Жаңалықтар

Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту...