Британдық телеарна «Алтын адам туралы аңыз» деректі фильмін көрсетеді

КИНО
1479

Мемлекет басшысы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және Астана қаласының 20-жылдық мерейтойы аясында 2018 жылғы 7 шілдеде британдық «BBC World News» телеарнасында «Алтын адам туралы аңыз» атты Қазақстанның ең әйгілі археологиялық көне жәдігері, Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері – «алтын адамға» арналған деректі фильмнің көрсетілімі жоспарланып отыр. 

Әлемнің ең беделді телеарналарының бірі – «BBC World News» арнасының миллиондаған көрермендері еліміздің тәуелсіздігі символдарының біріне айналған тарихи және мәдени мұрасымен таныстыруға мүмкіндік береді. Фильм британдық арнаның Қазақстанның мәдениеті мен тарихын ілгерілетудегі алғашқы имидждік жобасы емес. 2016 жылы телеарна Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған ХІХ ғасырдың ортасында елімізге алғаш саяхат жасаған британдықтардың бірі Томас Аткинсон туралы «Kazakhstan. An incredible journey. From the past to the future with Thomas and Lucy Atkinson» атты 2 минуттық бейнеролик көрсеткен болатын. 

Ал 2017 жылы «BBC World News» Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Ұлы Дала аңыздары» атты жарнамалық кампания аясында жаһандық аудиторияға «Айша бибі» және «Қожа Ахмет Яссауи» кесенелері сияқты Қазақстанның киелі жерлері туралы роликтер мен шағын фильмдер көрсетті. Фильмдердің түсірілімі Есік, Үшқоңыр, Түркістан және Қапшағай қалаларында өткен болатын. 

Фильмнің промо-кампаниясы «BBC World News» эфирінде 2018 жылғы 23 маусымнан бастап жүргізілуде. Фильм Азия-Тынық мұхит аймағы, Еуропа, Латын Америкасы, АҚШ, Таяу Шығыс және Орталық Азия, Оңтүстік Африка аймақтарында жергілікті уақыт бойынша көрсетілетін болады. Астана уақыты бойынша «BBC World News» телеарнасында 2018 жылғы 7 шілдеде (сағ. 13:57, 18:57) және 8 шiлдеде (сағ. 01:57) көрсетіледі.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...