Астанада «Eurasian Book Fair — 2023» кітап жәрмеңке-көрмесі өтуде

РУХАНИЯТ
1063

Астана қаласында аса ірі рухани шара - кітап тойы өтіп жатыр. 19 мен 23 сәуірі аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтетін «Eurasian Book Fair – 2023» VI Еуразиялық халықаралық кітап-жәрмеңкесіне жиналған оқырман қарасы көп.


Көрме өткізудің негізгі мақсаты  кітап оқуды насихаттау; оқу мәдениетін қалыптастыру; әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің заманауи үздік ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну; дүниежүзілік кітап басып шығару және полиграфия индустриясының тәжірибесін зерделеу; байланыс орнату және баспа саласындағы жетістіктерді көрсету. 

Көрме-жәрмеңкеге қатысуға Қазақстан, Ресей, Түркия және Қытайдың баспа, кітап сату, ғылыми, білім беру және полиграфиялық компанияларының өкілдері болып табылатын 70-ке жуық компания өтінім беріпті.

 

Фото adebiportal.kz

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...