2024 жылы мерейтойлары атап өтілетін ұлы тұлғалар

Жаңалықтар
311

2024 жылы Қазақстанда көптеген тарихи тұлғалардың мерейтойлары атап өтіледі. Олардың қатарында белгілі жазушылар, ақындар мен ағартушылар бар. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

Коллаж: Kazinform / egemen.kz / facebook.com/kazakhfilm / adebiportal.kz / Midjourney



Осы жылдың айтулы күндерінің бірі – балалар жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы болмақ.

Сондай-ақ қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан белгілі жазушы, аудармашы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толады. Өз заманында ол «Қазақ КСР Халық жазушысы» наградасына ие болды.

Театр және кино режиссері, Қазақ КСР Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына биыл 110 жыл, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің туағанына 120 жыл толар еді.

Сондай-ақ айтулы даталар тізімінде – заманауи қазақ әдебиетінің негізін салушы, ақын, жазушы, драматург Ілияс Жансүгіров пен ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы атап өтіледі.

Жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл, жазушы, ақын, драматург Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл, ақын, жырау, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толар еді.

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...