Әйгерім ӘбілқадыроваОлимпиаданы үш рет жеңген және әлемнің 11 дүркін чемпионы франциялық дзюдошы Тед...
Қуат Хамитов қарсыласын «тұншықтырды»
1083
Қазақ файтері Қуат Хамитов (25-7-2) Mergen FC 4 турнирінде жекпе-жек өткізді. Ол қарсыласы өзбекстандық Бобур Абдулазизов (12-9) болды.
Қуат бірінші раундтан бастап басым түсті. Қылқындыру әдісіне салып, соққы сериясын жасады. Ал қарсыласы көбіне тек қорғанумен жүрді.
Екінші раунд соңына таман Хамитов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.
Алғашында Қуат Акоп Степанянмен (27-12) айқасу керек болған. Алайда ресейлік спортшы қарызына байланысты әуежайдағы тексерістен өте алмай, қалып қойған болатын.