Биыл ШОБ-тың банктік несиелері 900 млрд. теңгеге субсидиялаумен және кепілдендірумен қамтылады – ҚР Үкіметі

Жаңалықтар
354

Қазақстан Үкіметі шикізатқа бағдарланған экономикадан қосылған құны едеуір жоғары салаларға басымдық беретін экономикаға өту жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл индустрияландыруды және оның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды. 

Мәселен, өткен жылы өңдеу өнеркәсібінде 928 млрд теңгеге 170 жоба іске асырылды. Отандық тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды. Барлық қабылданған шаралардың арқасында өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесімен теңесті.


Бизнес жүргізу шарттары айтарлықтай жеңілдетілді. Мысалы, 10 мыңнан астам артық талап алынып тасталды. Тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру нәтижесінде 1 қаңтардан бастап адам қатысуынсыз тексерулер тағайындалып жатыр. Бұл шара тексерулер санын 2 есе азайтады.

Сонымен қатар мемлекет бизнесті қаржылай қолдау шараларын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, биыл 900 млрд теңгеден астам сомаға ШОБ-тың банктік несиелерін субсидиялау және кепілдендіру жоспарланып отыр.

«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары біріктірілгенін ескере отырып, кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа тәсілдері әзірленді. Субсидиялаудан кепілдік беру құралдарына және өзге де қаржылық емес қолдау шараларына біртіндеп көшу көзделеді.

Одан бөлек облигациялар мен бірлестірілген несиелер арқылы қаржыландыру құралдары кеңінен қолданылады.

Әкімшілендірудің сервистік моделін енгізуді көздейтін жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс жалғасуда. Нәтижесінде салық міндеттемелерін орындау процесі айтарлықтай жеңілдемек. Жалпы салықтар мен басқа да төлемдер саны 20%-ға, ал салық есебі нысандарының саны 30%-ға қысқарады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салық төлеуден босатылады.

Нәтижесінде салық міндеттемелерін орындау жеңілдетіліп, салық жинау тиімділігі артады.

Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов мерзімінен бұрын қызметінен босатылған жағдайда...

Жаңалықтар

Иракта қыздардың неке жасын 18-ден 9 жасқа дейін төмендететін заң жобасы дайындалып жатыр, деп хабар...