11 қараша күні «NHK Music Special» жапондық телебағдарламасында «Autumn Strong&raq...
Алматыда автобус жүргізушісі ескерту жасаған жолаушыға тап берді
Видеодан алынған скрин
Әлеуметтік желіде Алматыдағы автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжалдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Кадрларда жолаушы жүргізушіге көлік тізгінінде отырып телефон қолданбау керек екенін ескерткен. Бұған жүргізуші дөрекі жауап беріп, жолаушының қолындағы телефонды тартып алмақ болған. Кейін жүргізуші оны автобустан түсіріп жіберуге тырысып, өзі WhatsApp қолданғанын айтып ақталған.
Алайда жолаушыны шығара алмаған соң, автобусты жүргізуден бас тартып, тек ол түскен жағдайда ғана қозғалысты жалғастыратынын айтқан. Алматы полициясы жанжалға қатысқандардың жеке басы анықталғанын мәлімдеді.
«Жүргізушінің әрекетіне заң талаптарына сәйкес құқықтық баға беріледі», – деді ведомство. «Алматыэлектротранс» компаниясы тексеріс жүргізілгенін, жүргізушіге қатысты ішкі тәртіп ережелері бойынша шара қолданылатынын және жолаушылардан кешірім сұрайтынын хабарлады. «Жүргізуші қозғалыс кезінде телефон қолданбауы тиіс. Сондай-ақ жолаушылар да жүргізушінің назарын бөлмеуі керек, себебі бұл барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне әсер етеді», – делінген компания мәлімдемесінде.