«Үйдің жалғыз қызы»: Әуежайда кепілге алынған қыз туралы не белгілі?

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1905

Мұса Әбдірайым Алматы әуежайында кепілге алған қылмыскерден өзі құтқарған келіншектің жағдайын біліп қайтты. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

«Кешегі әуежайда болған жағдайды бәріңіз көрген боларсыздар, бүгін қарындасымыздың жағдайын біліп қайттық, бәрі жақсы»,  деп жазды ол.

Мұса Әбдірайым парақшасында келіншектің ата-анасымен бірге түскен суреттерін жариялады.

Еске салсақ, 7 наурызда Алматы әуежайы қызметкерін ер адам пышақпен қорқытып, кепілге алды. Сол жерде жүрген Мұса Әбдірайым кепілдегі адамның орнына өзі ауысты. Кейін қылмыскердің қолындағы пышағын лақтырып жіберіп оны ұстауға көмектесті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 12 жастағы Абылайханның өліміне қатысты жаңа деректер айтылды. Марқұм баланың әжесі немерес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қырғыз Республикасынан аса ірі көлемде алаяқтық жасады...