Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды

Жаңалықтар
476

Олжас Бектенов Қазақстанның 12-премьер-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды.

"Конституцияның 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес ҚР премьер-министр лауазымына тағайындауға келісу үшін Олжас Абайұлы Бектеновтың кандидатурасын мәжілістің қарауына ұсынып отырмын", – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Олжас Бектенов тәжірибелі мемлекеттік қызметкер. 

"Оның Қазақстан экономикасы және басқа да салалар бойынша білімі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, өзі тәртіпті, адал, еңбекқор азамат. Сондықтан ел эконимкасының алдында тұрған мақсаттарды жүзеге асыруға қабілеті жетеді деп ойлаймын", – деді мемлекет басшысы.

Осылайша Бектеновтің кандидатурасын 69 мәжілісмен қолдаса, 7 депутат дауыс беруден қалыс қалды. 

Олжас Бектенов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Кейінгі рет 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...