Троспен өтпек болғанда, ағыс алып кеткен (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1165

Кербұлақ ауданында жоғалып кеткен әскери қызметкерді іздеу жұмыстары аяқталды. Оның мәйітін Жетісу облыстық ТЖД құтқарушылары тапты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

15 мамыр күні құтқарушылар оқиға болған жерден 15 шақырым төмен өзен ағысынан ер адамның денесін судан алып шықты. Ол жартылай киінген күйде болған. Мәйіт полицияға тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Айта кетейік, 10 мамыр күні Жетісу облысы Кербұлақ ауданында азамат Көксу өзенінен ешқандай сақтандыру жабдығынсыз өзеннің бір бетінен екінші бетіне өтпек болды. Алайда орта тұсына келгенде күші сарқылған ол аяғын тростан босатып жіберіп, ілініп тұрғанда оны ағыс алып кеткен. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...