Астанада  баланы ит қапты: иттің иесі жарты миллионнан астам қаражат төлейді 

Жаңалықтар
352

Астанада кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баланы ит қабуына қатысты іс қаралды. Бұл туралы қалалық сотқа сілтеме жасап madeniportal.kz хабарлайды. 


Сотқа баланың заңды өкілі моральдық және материалдық залалды өтеу туралы талаппен жүгінген. Аталған істе баланы айыпталушының иті қауып алған, салдарынан балаға дене жарақаты келтірліп, стационарлық ем қабылдаған. 

Осы факт бойынша иттің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. "Сот кәмелетке толмаған баланың құқығы мен заңды мүддесін қорғау үшін татуластыру рәсімін өткізді. Сот медиативтік келісіммен бекітіліп, тараптар бейбіт келісімге келіп, жауапкер өз еркімен екі ай ішінде 300 мың теңге сомасында моральдық зиянды, 200 мың теңге материалдық залалды және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі сот шығыстарын өтеуге келісті", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтар

Атырауда 5-қабаттан құлаған бала жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды, деп хабарлайды madeniportal...

Жаңалықтар

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды mad...