Атырау облысындағы әскери бөлімнен тағы бір сарбаз қашып кетті

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
382

Атырау облысында шекарашы әскери қызметін өтеуге келген азамат қашып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz Alash.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Orda.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Атырау облысы Исатай ауданында орналасқан 5575 әскери бөлімшеден сарбаз қашып кеткен.

Бөлімдегілер сарбаздың жоғын бірден байқаған. Артынша  оны Атырау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаменті шекара қызметінің қызметкерлері ұстады.

«Ол ұсталды. Қашу себебі анықталуда, бірақ оның әскердегі әлімжеттіке қатысы жоқ», - дейді дереккөз.

Еске сала кетейік, мамыр айында Атырау гарнизонында әскерге шақырылған азамат қару алып қашып кеткен еді. Әскери бөлім қызметкерлерінің өздері де, полицейлер де қашқынды ұстауға әрекеттенген. Бірақ ол атыс басталғаннан кейін «Арлан» арнайы жасақтары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін іске тартуға тура келген еді. Ол кейіннен өз еркімен берілді.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...