Прокуратура жүргізген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысындағы күмәнді мемле...
Алматыда өрт сөндіру бөлімі ашылды
Бостандық ауданының Нұр-Алатау шағын ауданында жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Іс-шараға Алматы ТЖД гарнизонының жеке құрамы және арнайы шақырылған қонақтар-азаматтық қорғау ардагерлері қатысты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынған ауданы 2,5 мыңнан астам шаршы метр 4 шығуға арналған жаңа өрт сөндіру депосы ТЖ-ға ден қою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл қала халқының қорғалуын арттырады.
Жалпы халық саны 45 мыңнан астам адам және 146 шаруашылық субъектісі бар «Қазақфильм», «Нұр-Алатау», «Нұрлытау», «Бағанашыл», «Ерменсай», «Мирас» және «Аққайың» шағын аудандары тұрғындарының өрттен қорғалуын қамтамасыз ететін болады.
Штат саны – шамамен 70 адам. Жаңа депода жеке құрамды орналастыруға және күнделікті қызметті қамтамасыз етуге арналған үй-жайлар, сондай-ақ жаттығуға арналған спорт залы қарастырылған. Өрт сөндіру бөлімінде 6 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, ол ауданның тау бөктеріндегі жер және тар жолдар сияқты талаптарын ескере отырып таңдалады, бұл 5 тоннадан тұратын төрт өрт сөндіру автоцистернасы және «Тойота Хайлюкс», «Газ Валдай» жедел әрекет ететін екі автомобиль, - деді ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев депоны көрсете отырып.
Кәсіби дайындықты ұйымдастыру мақсатында оқу-жаттығу мұнарасы, кедергілері бар 100 метрлік жолақ та бар. Соңғы қабаттарда гарнизон қызметкерлері үшін 3 пәтер көзделген.
Шақырылғандар қызметтік үй-жайлардың функционалдық мақсатымен, жабдықтармен, өрт техникасымен танысты.
Қазіргі уақытта Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша биылғы жылы мегаполистің Түрксіб (Шығыс қақпасы ш/а), Наурызбай (Шұғыла ш/а.) және Наурызбай аудандарында (Қарағайлы ш/а.) тағы 3 өрт сөндіру депосын салу көзделіп отыр.
Бүгінгі таңда қаланың өрттен қорғалуын 20 өрт сөндіру бөлімшесі қамтамасыз етеді. Өрт қауіпсіздігін нығайту және туындаған ТЖ-ға уақтылы ден қою мақсатында толық қамтылу үшін тағы 15 өрт депосы салуынуы қажет.