Енді педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Жаңалықтар
667

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы мақұлданды,-деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мемлекет басшысының жолдауда жүктеген тапсырмаларын іске асыру үшін депутаттардың бастамасымен әзірленген норма негізінде енді жас баланы өлтіргені немесе педофилия үшін «өмір бойы бас бостандығынан айыру» жазасы қолданылады.

«Біріншіден, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК дейін айыппұл түріндегі жаза не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу, ұрып-соққаны үшін 80 АЕК-ке дейін айыппұл не 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу», деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Жаңадан енгізілген нормалар негізінде кәмелетке толмаған не дәрменсіз күйдегі адамды азаптау, денсаулығына ауыр және орташа зиян келтіргені үшін жазаның «бас бостандығын шектеуге» қатысты балама түрі алынып тасталып, тек бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын болады.

 Депутаттар педофилдер мен жас баланы өлтірген қаскөйді қылмыстық жазаға тарту тетігін қатаңдату мәселесін бірауыздан қолдады. 

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...