Елордалық кітапханада халықаралық Балалар кітабы күніне орай іс-шара өтеді

КІТАПХАНА
1988

Нұр-Сұлтан қаласының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» халықаралық балалар кітабы күніне орай «Оқитын ұлт» жобасы аясында кітап оқу іс-шарасын ұйымдастырады. Аталған шара 2 сәуірде №5 балалар кітапханасында өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шарада «Еркетай» қуыршақ театры Т.Әбдірайымовтың «Ала бұға аулаған күн» кітабынан үзінді бойынша «Өтірік өрге басама» шағын спектаклін ұсынады. Балалар жазушысы Зәуре Төрехан өзінің «Естен кетпес ерек күн» ертегісі бойынша «Тапқыр болсаң тауып көр» атты шағын викторина өткізеді.

«Балаларға базарлық: ертегiлерге жан бiткенде» мультфильмдер зертханасында ересектер мен балалардың қызығушылығын тудыратын қазақстандық анимациялық мультфильмдер көрсетiледi.

Сондай-ақ «Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» серіктестері, «Фолиант» баспасы және «Big Dream» кез келген адам өзіне қызықты кітап ала алатын кітап көрмесін дайындайды.

«Күн мектебі» шығармашылық шеберханасы қолданбалы қолөнер бойынша шеберлік-сыныбын көрсетеді.

Көру қабілеті нашар оқырмандар үшін Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы арнайы аудиокітаптар дайындайды.

Жаңалықтар

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық...

ӘДЕБИЕТ

Өткендегі, жұртшылық назарына түскен, кең көлемді, жан-жақты сұхбатымызда: қазақ əдебиет сыны бүгінг...