Суицидке итермелегендер 9 жылға сотталады

Жаңалықтар
344

Мәжілісте әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы қаралып жатыр. Заңға суицидке итермелегендерді жазалау нормасы енгізілген, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова заң жобасын таныстырды.

Суицидтің алдын алу мақсатында Қылмыстық кодексте жаңа 2 құрам суицидке итермелеу және суицидті насихаттау бойынша норма енгізілді.

Бұдан бірнеше жыл бұрын "Синий кит" немесе сол секілді ойындар бойынша әлеуметтік желілерде челендждер болып тұрды. Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады, - деді депутат

Айта кетейік суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр.

Жаңалықтар

Шымкент қаласында 53 жастағы ер адам өзінен 30 жас кіші әйелін ұрып-соғып, үш айлық сәбиін тұншықтыр...

Жаңалықтар

Жетісу облысында 55 жастағы ер адам бастығын балғамен ұрып өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Пат...