Мәдениет және спорт министрлігі шенеунігі парамен ұсталды

Жаңалықтар
46703

Пара алу күдігіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бір орынбасары ілікті.

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғасына қатысты пара алу ісі бойынша жаңа тергеу басталды, деп хабарлайды "Мәдениет порталды" zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, ол 10 млн теңге және құны 13 млн теңге болатын "Тоyota Hilux" автокөлігін параға алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаменті тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті.

- Шығыс Қазақстан облысында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Риддер қаласындағы спорттық оқу корпусы құрылысы кезінде ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру ісін тергеу барысында ашылған жаңа қылмыстық эпизодқа қатысты жаңа тергеуді бастады. Пара алу күдігіне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары ілікті, - деді Биғайдаров.

Тергеу мәліметінше, ол Риддердегі олимпиадалық резерв мектебінің оқу корпусы құрылысы барысында атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 10 млн теңге және құны 13 млн теңге болатын "Тоyota Hilux" автокөлігін параға алған.


author

Ақтоты Райымкұлова

КОМПОЗИТОР

Қоғам

Джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 мәрте әлем чемпионы Жібек Құлымбетоваға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жа...

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...