Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы түрғындарымен кездесуде әкімінің орынбасары пара алғаны үш...
Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты
Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті ретінде қамауға алынып, ісі сотта қаралып жатыр. Бишімбаевтың қорғаушысы Назкен Құсайынованың айтуынша, оқиға жазатайым болған, ал бұл оқиғада Қуандық Бишімбаев өзінің кінәсі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Elmedia youtube арнасына сұхбат берген Бишімбаевтың қорғаушысының айтуынша, Салтанаттың денесінде ауыр жарақат іздері болмаған.
"Қуандық Бишімбаев кісі өліміне қатысты кінәсін мойындамай отыр. Әлі күнге дейін болған нәрсеге сене алмай отыр. Әлі күнге дейін Салтанатты жақсы көреді және ол туралы тек жақсы пікірде. Қайрат Нүкенов (Салтанат Нүкенованың ағасы) айтқандай, жәбірленуішінің денесінде ауыр жарақаттар болған жоқ. Басының қаңқасы сау болды, ол миына қан құйылып қайтыс болған", - дейді адвокат Назкен Кусаинова.
Сондай-ақ адвокат Салтанат Нүкенова басындағы гематомалардың кесірінен қайтыс болған дейді.
"Салтанаттың созылмалы субдуральды гематомасы болған. Ол осы себепті қайтыс болған. Кешіріңіздер, біздің қорқауымыздағы Қуандық Бишімбаев Салтанаттың басында гематома пайда болғанын білмеген. Олар сөйлесіп, күні бойы бірге жүрген. Иә, екеуара келіспей қалған шығар. Төбелес болмаған. Ол (Қуандық Бишімбаев) мұны қайғылы жағдай деп Салтанаттың өліміне әлі күнге дейін сене алмай отыр. Ол әлі күнге дейін қайғырып, жылап отыр. Өз-өзіне келе алмай жатыр. Отбасында осындай жағдай болғанына сене алмай отыр", - дейді адвокат Назкен Кусаинова.