Жетісу облысында лауазымды тұлғалардың кесірінен 7 мың балаға вакцина уақытылы салынбаған

Фотосурет: yaplakal.com

Заң
433

Жетісу облысында денсаулық сақтау саласындағы жауапты лауазымды тұлғалардың жауапсыздығынан қажетті вакциналар уақтылы сатып алынбаған. Осы заңсыздықтың салдарынан бір жылдың ішінде 7 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы егілмеген, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыстың денсаулық сақтау саласындағы прокурорлары бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын, вакцинация туралы заңнаманың бұзылуын, жалған вакцинация жағдайларын және басқа да бұзушылықтар анықтады.

11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 126 азаматқа жалпы көлемі 8,5 млн теңге айыппұл салынды.

Денсаулық сақтау саласындағы жауапты лауазымды тұлғалардың кінәсінен қажетті вакциналар уақтылы сатып алынбаған. Соның салдарынан бір жылға дейін 7 мыңнан астам бала полиомиелитке қарсы егілмеген. Басқа жағдайда, «А гепатитіне» қарсы препараттың артық мөлшеріне қарамастан, 2023 жылы 135 млн теңгеден астам қаржыға қосымша 35 мың вакцина сатып алынған. Заң бойынша вакцинаны сақтау мерзімі 6 айдан аспауы керек, - делінген прокуратураның хабарламасында.

Жаңалықтар

Президент сот жүйесін реформалау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Бұл турады...

Жаңалықтар

Сенат кулуарында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары доллар бағамына қатысты сұраққа жауап берді,...