Бұл туралы AmalBooks баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады m...
“Бәрімізге қатысты”: Жаңа Адамдар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін еріктілер орталықтарын ашады
фото: "Жаңа адамдар"
"Жаңа адамдар" жастар қозғалысы су тасқынынан зардап шеккендерге кқөмек көрсету үшін "Бәріне қатысты" деген атаумен еріктілер орталықтарын ашуда, деп хабарлайды madeniportal.kz.
"Жаңа Адамдардың" таратқан мәлімдемесінде:
Қазақстан су тасқынының жойқын зардаптарымен бетпе-бет келіп отыр. Осындай қиын-қыстау заманда әркім өзіне: "Нағыз адам кім және азамат болу дегеніміз не?" деген сұрақ қоюы қажет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бәріне қатысты» деген сөзі, әрқайсымыздың таңдау жасайтын сәтке жеттік дегеніннің белгісі. Ол қаласа да, қаламаса да. Айналаңда болып жатқанды елеп-ескермеу де - таңдау. Алайда нені таңдау?
Қол ұшын беріп, көмек көрсетемін деушілер үшін Жаңа Адамдар «Бәрімізге қатысты» атты орталықтарды ашты. Бұл жерде біз тек киім-кешек, азық-түлік пен қажетті керек-жарақ жинамаймыз. Топтарды құрып, табиғи апаттан зардап шеккен жандарға көмек көрсетумен ғана айналыспаймыз. Біз адамдарға мақсаттарынан да биік әлемді көруді ұсынамыз. Біз әр минут сайын “Біз адамбыз ба?” деген сұрақ шешілетін орынға аттанудамыз.
Бүгін әр Қазақстан азаматы көмек қолын созу немесе болып жатқан жағдайды елеп-ескермеуге таңдау жасайды. Адам және ел азаматы болуға таңдау жасайды, делінген.
Айта кетейік, ұйымдастырушылардың мәліметінше, гуманитарлық көмек қабылдау пункттері мен "Бәрімізге қатысты" еріктілер жасағының үйлестіру орталықтары төменде көрсетілген мекен-жайлар бойынша орналасқан кампустарда ашық болады.
Астана: Мәңгілік Ел даңғылы, B2. 2
Алматы: Ахмет Байтұрсынов көшесі, 67
Байланыс нөмері - 8 707 070 40 50