Енді ғалымдардың негізгі жалақысына қосымша ақы төленетін болады

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
380

Жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысатын оқытушылардың, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғалымдардың негізгі жалақысына қосымша ақы төленетін болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында айтылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Депутат заңда ұсынылып отырған нормалар жайлы айтты.

Қазіргі уақытта ғылыми зерттеу институттарында немесе университеттерде істейтін ғалымдарымыз өздерінің доктор PhD, ғылым докторы, ғылым кандидаты сияқты ғылыми дәрежелері үшін ай сайын жалақысына қосымша үстемақы алады. Енді оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру ұсынылып отыр. Мысалы, доктор PhD, ғылым кандидаты қазір ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңге үстемақы алса, енді ол қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың үстемақы, яғни жалпы 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемақы ретінде алады, - деп түсіндірді Аймағамбетов.  

Ал енді ол ғылым докторы болса, және қазіргі уақытта ол 125 мың теңге үстемақы алса, бұл заң қабылданғаннан кейін ол енді қосымша профессор атағы үшін тағы да 60 мың теңге, сонда жалпы алғанда 185 мың теңге көлемінде жалақысының үстіне қосымша ақы алады.  

Бұл ғалымдарымызға ғылыми, ғылыми-педагогикалық жұмыстарымен айналысуға, монографияларын, ғылыми мақалаларын шығаруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...