Қазақстанда көктемгі мерзімді әскерге шақыру басталды

Жаңалықтар
588

1 наурыздан бастап қалалық және аудандық әскери шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков мәлімдеді.

«2024 жылдың 30 маусымына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы 20 мыңға тарта азамат толықтырады. Қарулы күштерге 10 000-ға жуық, Ұлттық ұланға – 6 500-ден астам, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 000-дай, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Мемлекеттік күзет қызметіне – 500-ден аса азаматты шақыру жоспарланып отыр», деді полковник А. Досымов.

Әскерге шақырылатындарды хабардар ету жеке шақыру қағаздарын үйлеріне немесе қызметтік мекенжайларына жіберу арқылы жүзеге асырылады. 

Биыл 20 мыңнан астам азамат әскер қатарын толықтырады.

Әскерге шақырылушыларды хабардар ету шақыру қағаздары 1414 қызметі арқылы SMS-хабарлама жіберу жолымен жүргізіледі.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...