Марат Қарабаев Премьер-министрден көмек сұрады

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
413

Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министр Олжас Бектеновтен көмек сұрады, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

Әңгіме жол құрылыс жобаларына шетелдік жұмысшылар тарту және қажетті жер телімдерін рәсімдеу туралы болып отыр. 

«Құрметті Олжас Абайұлы, осы жобаларды іске асыру барысында 2 мәселе туындауда. Олардың бірі, Қарағанды, Абай, Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан жобаларға шетелдік жұмыс күшін тартуға 500 квота мөлшерінде жетіспеушілік байқалады», - деді министр.

Сондай-ақ, Үкімет басшысынан жол жобаларына қажетті жер телімдерін рәсімдеуге де Премьер-министрдің көмегі керек екенін айтты.

«Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының әкімдіктерінде кейбір жер учаскелерін сатып алу рәсімі ұзаққа созылып кетті. Аталған мәселелер бойынша тиісті атқарушы органдарға тапсырма беруіңізді сұраймын», - деді Марат Қарабаев.

Қылмыс

Таныс қызын ұрып-соққан 27 жастағы ер адам сот алдына келді, деп хабарлады madeniportal.kz turk...

Қоғам

Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы аналарға тағы бір жеңілдік жасалып жатыр, деп хабарлады madenipo...