Тоқаев Али Зардариді Пәкістан президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

ЖАҢАЛЫҚТАР
2234

Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды madeniportal.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Сіз мол өмірлік тәжірибеңіз бен көреген саясатыңыздың арқасында еліңіздің одан әрі өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатыныңызға сенімдімін. Біз Пәкістанмен арадағы шынайы достық пен өзара құрметке негізделген берік серіктестікті жоғары бағалаймыз. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз деп үміттенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардаридің бастамаларына табыс, ал Пәкістан халқына бақ-береке тіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде Атыраудағы қанды қылмысқа байланысты жаңа дер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жамбыл облысындағы Шатыркө...