Қытайдағы матчта «Барыс» ойыншысы төбелес шығарды (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
950

Астаналық Барыс хоккей клубының шабуылшысы Әлихан Әсетов маусымдағы үшінші төбелесіне қатысқаны үшін бір матчқа дисквалификация алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы SMARTNEWS.KZ жазды. Оқиға Шанхай Драгонс командасына қарсы өткен ойын кезінде тіркелген. 

Клубтың мәліметінше, Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тәртіптік регламентіне сәйкес, ойыншы маусым барысында үшінші рет төбелес үшін 5 минуттық үлкен айыппұл алса, ол автоматты түрде бір матчқа шеттетіледі әрі жеке айыппұл төлейді. 

Осы шешімге байланысты Әсетов «Барыстың» алдағы кездесуіне қатыса алмайды. Команда келесі матчта Амур клубына қарсы ойнайды.

Бұл ойында астаналық клуб негізгі шабуылшыларының бірінсіз мұз айдынына шығуға мәжбүр болады. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист...