«Жазда өлтіріп, көмген болуы мүмкін»: Журналист Атыраудағы қылмыс жайлы тың дерек айтты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1956

Белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызы әлеуметтік желіде Атыраудағы қанды қылмысқа байланысты жаңа деректер айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында жария етті.

"Осы қылмыс барысында туыстарының Наурызбен байланысы жазда үзілгені айтылды. Осыны ескерсек, оны жазда өлтіріп, көмген болуы мүмкін. Кейін 5 қарашада Мейрамгүлді өздерімен бірге қалаға алып келді. Оны да қаныпезер айуандықпен өлтіріп, Наурыздың қасына көміп тастаған…

Жауыздықтың шегі болмайды деген осы екен. Жүректен жүрек қалмады. Тас түскен жеріне ауыр. Мұқанғалиевтер әулетімен бүкіл ел бірге қайғырып жатыр. Қаралы отбасының туыстарымен жүздескен сайын қандай жұбату сөз айтарыңды білмейсің. Трагедия ғой бұл! 8 қаңтар күні осы сарай маңында жедел топ іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда бардық. "Қылмыскер жауыздық әрекетін қайталап, осы айналаға көмді-ау, табылып қалар" деген сенімде болдық. Бірақ ол іздеу жұмыстары нәтиже бермеген еді…", - делінген журналисттің жазбасында.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...