Павлодардағы пансионатта қызметкерлер қарттарды ұрып-соғып, сырт киімсіз далаға жіберген

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2124

Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды ұрып-соғып, қорлаған. Бұл жағдайды Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында анықтаған, деп хабарлайды madeniportal.kz malim.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында азаптау фактілері ашылды. Пансионат қызметкерлері тұрақты түрде екі дәрменсіз қартты ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған. Жәбірленушілердің бірі 84 жаста екен. 

Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды. 

 

Шоу-бизнес

Актриса Дариға Бадықова Асхат Садырбайға берген сұхбатында отбасындағы жауапкершілік пен тұрмыстық қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада арбамен келе жатқан әйел мен бес айлық баласын көлік қағып кетті. Сәби ауруханада көз жұ...