Оңтүстік Кореяда жоғалып кеткен қазақстандықтың мәйіті табылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1088

Оңтүстік Кореяда өрт кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтың сүйегі табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

Жетібаевтың айтуынша, сүйек қалдықтары іздестіру жұмыстары барысында табылған. Олар сараптамаға жіберілді.

«Қазіргі таңда сараптама қорытындысы әлі алынған жоқ. Корея тарапы ақпарат ұсынған бойда, марқұмның туыстарына хабар беріледі», — деді Жетібаев.

Айта кетейік, 1 ақпанда Оңтүстік Кореядағы зауыттардың бірінде ірі өрт болды. Төтенше оқиға салдарынан екі шетелдік жұмысшы із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, олардың бірі 50 жастағы Қазақстан азаматы болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...