Elicense.kz порталында екі жаңа қызмет автоматтандырылды: цифрлық майнинг қызметі туралы ақпараттанд...
ҚР СІМ басшысы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысына қатысты
ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысына қатысты, – деп хабарлайды madeniportal.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аустрияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Тұрақты кеңесінің отырысына қатысып, Қазақстан Ұйым алдында тұрған күрделі мәселелерді шешуге белсенді жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
– Энергетикалық қауіпсіздік, азық-түлік дағдарысы және климаттың өзгеруі сияқты жаһандық сын-қатерлерге ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда М.Нұртілеу бұрын-соңды болмаған жаһандық дүрбелең жағдайында көпжақты институттардың рөлін атап өтті және еліміздің Ұйым функционалдығын сақтауға деген ұмтылысын растады. «Қазақстан ЕҚЫҰ-ны географиялық жағынан алуан түрлі өкілдігі бар, ортақ мүдделерге сай келетін бірегей платформа ретінде сақтау және нығайту қажеттілігіне нық сенеді», – деді Министр.