Наурыз - бай дастархан мен алаңдағы концерттер ғана емес, сонымен қатар ұлттық спорт әлеміне енуге м...
Елімізге белгілі кәсіпкер көз жұмды
Фото: freepik.com
754
Астанада белгілі кәсіпкер, танымал кондитердік желінің негізін қалаушы Дана Қанапина қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Оның соңғы жылдары денсаулығы сыр берген, ол парақшасында онкология туралы жазбалар жариялап жүрген. Кәсіпкер қиын жағдайды қалай қабылдауға болатыны туралы жазған және сырларын бөліскен. Дана Қанапина La Creme кондитерлік желісінің, Delish кафесінің, Pâté наубайханасының және CULT аспаздық курстар академиясының негізін қалаушы ретінде танымал. Ол кәсіпті күйеуі Асқар Қанапинмен бірге жүргізген.