1 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 20 159 707 адам өмір сүреді, халық санының жалпы өсімі 126...
Мәскеудегі теракттан 285 адам зардап шекті
Мәскеу түбіндегі "Крокус сити холдағы" терактіден қаза болғандар 133 адамға жетті. Мәскеу облысының Денсаулық сақтау министрлігі лаңкестік әрекеттен зардап шеккен 140 адамның тізімін жариялады. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды.
"Лаңкестік шабуылдан 285 адам зардап шекті (оның ішінде 8 бала), барлығы 133 адам қаза тапты (оның ішінде 3 бала). Медициналық мекемелерге 114 адам жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 4 бала бар", - делінген хабарламада.
22 наурызда кешке Мәскеу маңындағы "Крокус сити холл" концерт залдың ішінде камуфляж киген бірнеше адам жұртқа оқ жаудырған, ізінше ғимаратта жарылыс болып, өрт шыққан еді.
Оқиғада қаза тапқан адамдар оққа ұшқан, біраз бөлігі өрт кезінде уланып өлген.
Ал зардап шеккен адамдардың үшеуі Мәскеу маңындағы ауруханалардан шығарылды, бірақ 105 адам стационарлық емделуде, тағы 31 адам амбулаториялық емханада.
Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі теракт ісі бойынша 11 адам ұсталғанын, төртеуі терактіге тіке қатысы барын айтқан еді. Күдіктілер Брянск облысында ұсталған.
Ресейлік телеграм-арналардың жазуынша, күдіктілердің бірі Иванов және Тейковтағы барбершопта жұмыс істеген. Тағы бір күдікті наурыз айында Түркиядан ұшып келген. Оған телеграм-арқылы "уағызшының көмекшісі" шығып, жарты миллион рубльдік жұмыс ұсынған.
ФСБ-ның айтуынша, теракт мұқият жоспарланған.