Cу тасқынының екінші толқыны басталды

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Жаңалықтар
1807

Солтүстік Қазақстанда су тасқынының екінші толқыны басталды.  Есіл өзенінің суы екінші рет көтеріліп, Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Қазгидромет» СҚО филиалының хабарлауынша, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Ал Долматово елді мекенінің жанында өзен деңгейі 20 см-ге биіктеген.

Ондағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір одан асып, 1532-ге жеткен. 

Су тасқынының екінші толқынының әсерінен Сергеев су қоймасында су деңгейі 3 см-ге жоғарылаған. 

Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 см-ге, Ақанбұрлықта 120 см-ге төмендеген.

 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...