Қазақстандықтар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Халық табысының өсуі үшін! Өнеркәсіптің...
“Әскерде әлімжеттік жоқ”: Бұл қаншалықты рас?
Фото: freepik.com
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарулы күштер департаменті бастығының орынбасары журналистің әскердегі әлімжеттік туралы сұрағына оның Қазақстан армиясында жоқ екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Министрліктегілер "дедовщина" деген ұғым жоқ екенін түсіндірді.
“ 18 жаста адам әскерге психологиялық тұрғыдан қалыптасқан тұлға ретінде келеді деп есептеймін. Ал қарулы күштер мен басқа да әскери құрылымдардан бір жылдың ішінде өз елінің патриоты болуын талап ету артық талап деп ойлаймын. Ал біз осы патриотизмді мектептен бастап, жоғары оқу орындарында, бүкіл қоғам болып тәрбиелеуіміз керек. Бұл "дедовщина емес" бұл әскери тәртіпті бұзу, қолданыстағы ережелерді сақтамау", - деді Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Руслан Омаров.