Астанада зергерлік дүкенде ұрлық жасаған әйел ұсталды

Сурет: polisia.kz

Қоғам
155

Астанадағы зергерлік дүкендердің бірінде орын алған ұрлық бейнебақылау камераларына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүкен қызметкерлері белгісіз әйелдің алтын бұйымдарды қолды қылғанын кеш байқаған.

Сатушы ұрлық фактісін тек бірнеше сағат өткен соң анықтағаннан кейін, Байқоңыр ауданының полиция бөліміне жүгінген. Криминалдық полиция қызметкерлері шұғыл іздестіру шаралары барысында екі алтын сақинаны еркін қол жеткізу арқылы ұрлап кеткен күдіктіні анықтады.

Тергеу нәтижесінде әйелдің осындай қылмыстарды қайталап жасағаны белгілі болды. 

Қылмыскер сол күні зергерлік дүкенге кіріп, сатушының басқа клиенттерге назар аударған сәтін пайдаланып, сөреден екі алтын сақинаны жымқырып, ізін суытқан. Бұл ұрлық дүкендегі бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы әшкереленді.

Егде жастағы әйел өз кінәсін толық мойындап, ұрланған бұйымдар тәркіленді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...