Жас келіншек баласын тұншықтырып өлтірген

Фотосурет qaz365.kz сайтынан алынды

Жаңалықтар
554

Алматыдағы саябақта суицид жасаған адам бірінші өз баласын тұншықтырып тастаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп жазады madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Аттракционның төбесінен секірмес бұрын жас келіншектің баласын тұншықтырып өлтірген.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі қыз баланың денесі табылғанын растаған.

«Кәмелетке толмаған баланың өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді полициядан.

Сондай-ақ қайтыс болған әйел Алматы облысы Іле ауданында тұратыны хабарланды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас ана аттракционнан құлап, мерт болған еді. Ол жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Қалалық полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...