“Таза бейсенбі”: Алматы ауданындағы акцияға 30-дан астам адам қатысты

Фото:elordainfo/ Сұлтан Сейітов

Жаңалықтар
85

Бүгін Астананың Алматы ауданында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Экоакцияның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті арттыру және табиғатты таза ұстау мәдениетін қалыптастыру.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою бойынша жұмыстар атқарылды.

“Аудандық әкімдік пен AMANAT партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған экоакцияға 30-дан астам адам қатысты. Акция «Отан Ана» монументінің жанындағы саябақта өтті. Мұнда біз күз мезгілінде түскен жапырақтарды жинадық”, - деді Алматы ауданы әкімдігінің Өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Нұрберген Нұрмұхамбет.

Ауқымды экоакция шеңберінде ауданды санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде. 

Жаңалықтар

Маңғыстаудағы Адамас қорығының аумағындағы фототұзақтар жабайы құстарды тіркеген, деп хабарлады made...

Жаңалықтар

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы мен жергілікті Антикор жазушы, журналист, документалист Қа...