ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама бас...
Павлодарда «Боздақтар» естелік кітабының алтыншы томы жарыққа шықты
Облыстық ардагерлер үйінде «Боздақтар» естелік кітабының алтыншы томының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы", pavlodarnews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, «Боздақтар» - хабар-ошарсыз кеткен және тұтқында қайтыс болған павлодарлық жауынгерлердің есімдері енген бірегей басылым.
- Бұл тарихи-мұрағаттық туындының жалғасы үлкен маңызға ие, - деп атап өтті облыстық мемлекеттік мұрағаттың археографы, «Боздақтар» алтыншы томының редакторы Халел Әкімханов.
- Майданға кеткен 46279 павлодарлықтың аттарын жинау үшін көп еңбек жасалды. 1941 жылы Павлодар облысында халық санағы бойынша 282 мыңнан астам адам өмір сүрді, 16,5 пайызы майданға кетті. 1997 жылдың мәліметтері бойынша, 46 мың адамның 22279-ы үйлеріне оралмаған, оның 11 мыңы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. - Майдан даласынан оралмаған адамдарды мәңгі есте сақтау үшін арнайы топ құрылды, - деп атап өтті облыстық мемлекеттік мұрағаттың археографы.
- Бұл топ 1910 жылдан басталатын құжаттарды зерттейді. Алтыншы томға бұрын еш жерде әскери мәліметтерде өтпеген павлодарлықтардың 752 тегі кірді. Оның ішінде ұрыста қаза болғандар, жарақаттан көз жұмғандар, хабар-ошарсыз жоғалғандар және тұтқында қаза тапқандар бар. Таныстырылымда хабарлағандай, Калинградтан Саксон мемориалы (Германия) берген тоғыз мың қазақстандық әскери тұтқынның тізімі мәлметтердің дереккөзі болған. Кенигсберг түбінде қаза тапқан 22 мың адам туралы Галина Смирнова жинаған. Кітап құрастырушылар Қазақстанның Австриядағы, Германия мен Финляндиядағы елшіліктері берген қаза тапқан павлодарлық адамдардың тізімін пайдаланған.
- Алда майданда қаза болған барлық адамдардың атын қалпына келтіру бойынша көп жұмыс бар, оның басым бөлігі - жастар, - деп атап өтті алтыншы томның редакторы.
- Павлодарлық Кеңес Одағы батырларының орташа жасы - 27-де. Бүгінгі күні біз түзету енгізіп отырмыз. Соғыс жылдарында қаза тапқан павлодарлықтардың саны 22 279 адам емес, біз бұл санды 6490 есімге көбейтеміз және бұл соңғы деректер емес.
Фото: Роза Мұстафина